Accessibility links

ЖСДП дағдарысты "естірте айтуға" шақырды


ЖСДП-ның Астана қалалық филиалында өткен "Елдегі дағдарыстық жағдай және одан шығу жолдары" деген тақырыптағы азаматтық тыңдау. Астана, 22 мамыр 2015 жыл.
ЖСДП-ның Астана қалалық филиалында өткен "Елдегі дағдарыстық жағдай және одан шығу жолдары" деген тақырыптағы азаматтық тыңдау. Астана, 22 мамыр 2015 жыл.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) Астана қалалық филиалының кеңсесінде бүгін "Елдегі дағдарыстық жағдай және одан шығу жолдары" деген тақырыпта азаматтық тыңдау өтті. Басым көпшілігі зейнеткерлер отырған залда "Қазақстанда қазір оппозицияға сақ көзқарас қалыптасты" деген мәлімдемелер естілді.

Іс-шара басталғанға дейін ЖСДП төрағасы Жармахан Тұяқбай Азаттыққа партия азаматтық көңіл-күйді байқау үшін Қазақстанның өзге де өңірлерінде осындай тыңдаулар өткізетінін айтты. Ол кейін партия басшылығы бұл шаралардың қорытындысы бойынша Қазақстан билігіне жүгінетінін жеткізді.

ЖСДП-ның Астана қалалық филиалының баспасөз қызметі мәлімдеме таратты. Онда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың институционалдық реформалары Қазақстан саясатына төнетін қауіптерге жауап бермейтіні айтылған.

"Қазақстандағы саяси, экономикалық және әлеуметтік ахуал жыл өткен сайын нашарлап келеді" делінген мәлімдемеде. Өзін оппозиция санайтын партия "елді қалыптасқан жағдайдан алып шығатын бәсекеге қабылетті бағдарлама түзу қажет" деп, қоғамдағы мәселелерді "зерделеп, жария айтуға" шақырады.

XS
SM
MD
LG