Accessibility links

ЕО Украинаға тағы 1,8 миллиард еуро несие бермек


Украина президенті Петр Порошенко (оң жақта) Жан-Клод Юнкермен бірге ЕО-ның "Шығыс әріптестігі" елдері саммитінде. Рига, 22 мамыр 2015 жыл.
Украина президенті Петр Порошенко (оң жақта) Жан-Клод Юнкермен бірге ЕО-ның "Шығыс әріптестігі" елдері саммитінде. Рига, 22 мамыр 2015 жыл.

Украина мен Еуропа Одағы (ЕО) Украинаның әлсіреген экономикасын қалпына келтіруге көмектесу үшін 1,8 миллиард еуро жеңілдетілген несие бөлу туралы келісімге қол қойды.

ЕО мен Украина билігі өкілдері келісімге бүгін Ригада ЕО-ның "Шығыс әріптестігі" бағдарламасына қатысушы алты ел басшыларының саммитінде қол қойды.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, ЕО-ның макро қаржылық көмек бағдарламасының бір бөлігі саналатын келісім Украинаны бірқатар реформалар, оның ішінде коррупцияға қарсы, экономикадағы құрылымдық проблемаларды жоюға қатысты шаралар қабылдауға міндеттейді. Бұл келісім жүзеге асса, ЕО-ның соңғы екі жылда Украинаға бөлетін көмек қаржысының көлемі 6 миллиард еуроға жуықтайды.

Ригадағы саммитте ЕО бұған қоса Украина, Грузия және Молдовадағы шағын және орта бизнесті қолдауға 200 миллион еуроның грантын бөлуге уәде етті.

XS
SM
MD
LG