Accessibility links

ИМ Иракта тағы бір қаланы алды


Ирак үкіметі әскері Анбар провинциясында "Ислам мемлекеті" содырларымен ұрыс кезінде. Ирак, 19 мамыр 2015 жыл.
Ирак үкіметі әскері Анбар провинциясында "Ислам мемлекеті" содырларымен ұрыс кезінде. Ирак, 19 мамыр 2015 жыл.

"Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы содырлары Ирактың батысындағы Анбар провинциясына қарасты шағын Хусейба қаласын бақылауына алды. Жергілікті тайпа басшысы Шейх Рафи әл-Фахдауидің 22 мамырда айтуынша, содырлар қаланы 22 мамырға қараған түні алған. Полиция мен тайпалық жасақтар артиллериялық шабуылдан соң қаладан шегінген.

Содырлар 21 мамырда Рамади қаласын толық бақылауына алып, ондағы үкімет әскерін ығыстырып шығарған. Хусейба қаласы Рамадиден шығысқа қарай жеті километр ғана қашықтықта орналасқан.

21 мамырда "Ислам мемлекеті" содырлары Ирак әскерінен Ирактың Сириямен шекарасындағы әл-Валид басты шекара бекетін тартып алып, бақылауына алған. Сарапшылар әл-Валид бекетін алу содырларға Ирак-Сирия шекарасынан қару-жарақ пен әскерді оңай жолмен тасымалдауға мүмкіндік береді дейді.

Ирак үкіметі Анбар провинциясында Иран қолдайтын шиит жасақтарының көмегімен қарсы шабуылға шығуды жоспарлап отыр.

XS
SM
MD
LG