Accessibility links

Қамалған редакторға қатысты үкім өзгермеді


Павлодардағы «Версия» газетінің бас редакторы, «ақша бопсалады» деген күдікпен ұсталған Ярослав Голышкин шілденің 16-сына дейін қамауда қалады деп хабарлады Павлодар облыстық сотының баспасөз хатшысы Рауан Бейілғожин Азаттыққа.

38 жастағы Ярослав Голышкин 16 мамыр күнгі Павлодар қаласының №2 сотының үкімімен «Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаевтан ақша талап ету ісі» бойынша қамауға алынған.

Журналистің әріптестерінің сөзінше, оның қамалуы Павлодарда ақпан айында шыққан, «облыс әкімі Қанат Бозымбаевтың ұлы қыз зорлады» деген сыбысқа қатысты. Бұл ақпарат ресми түрде расталмаған соң, Ярослав Голышкин журналистік зерттеу жасап, зорлық оқиғасына қатысы болды делінген қызбен сұхбаттасып, оны видеоға түсірген. Журналиске мәлімет жинауға көмектескен адамдар кейін Қанат Бозымбаевтан ақша талап еткені хабарланған. Бопсалауға қатысты қылмыстық іс қозғалып, әуелі журналист бұл істе куәгер ретінде, кейін күдікті ретінде танылған.

XS
SM
MD
LG