Accessibility links

«Алматы – гүл қала» фестивалі ашылды


«Алматы – гүл қала» фестивалі осымен бесінші рет өтіп жатыр. Алматы, 23 мамыр 2015 жыл.
«Алматы – гүл қала» фестивалі осымен бесінші рет өтіп жатыр. Алматы, 23 мамыр 2015 жыл.

Алматыда бүгін тұңғыш президент саябағында жыл сайынғы дәстүрлі «Алматы – гүл қала» фестивалі өтіп жатыр. Саябақтың кіре берісіндегі бағандардан бастап орталық және қапталдағы аллеялар, субұрқақтарына дейін гүлдермен безендірілген.

Саябаққа келушілер ондағы ландшафты бау-бақша түрлерімен (олардың бірі – жапон үлгісінде), гүл жәрмеңкесіне қойылған өнімдермен танысты. Көгал үстінде балаларға арналған аймақтар бар. Саябаққа кіреберіске жақын қойылған сахнада ойын-сауық бағдарламасы өтіп жатыр. Бүгін саябақта ашық аспан астындағы кинотеатр да жұмыс істейді. Фестиваль аясында Алматы қаласындағы аудандар арасында байқау өтіп жатыр.

Бүгінгі шарада жұрт назарына ұсынылған «гүл-кілемді» жасауға мыңдаған гүл мен 30-дан аса табиғи материал түрлері пайдаланылған.

Осымен бесінші жыл қатарынан өтіп жатқан «Алматы – гүл қала» фестивалін қала әкімдігі ұйымдастырған.

XS
SM
MD
LG