Accessibility links

«Эхо Москвы» радиосы негізін қалаушы жұмыстан кетті


«Эхо Москвы» радиостанциясы. (Көрнекі сурет)
«Эхо Москвы» радиостанциясы. (Көрнекі сурет)

Ресейлік «Эхо Москвы» радиостанциясының негізін қалаушылардың бірі әрі оның тұңғыш бас редакторы Сергей Корзун радиодан жұмыстан кеткені туралы «Живой журналда» жазып хабарлаған.

Журналист өзінің жұмыстан кетуіне «Эхо Москвы» радиостанциясы бас редакторының көмекшісі Леся Рябцеваның жазбасы себеп болғанын айтады.

Корзун өзінің барлық сауалдары тек радиостанцияның бас редакторы Алексей Венедиктовқа қана қойылғанын айтады. «Мен капитанның базалық принциптерге нұқсан келетініне қарамастан рейтингті ұстап тұруды көздейтін жаңа бағытын қолдай алмаймын, қолдағым келмейді және қолдамаймын да» деп жазған Корзун. Ол «Эхо Москвы» радиостанциясы өз мақсатты аудиториясына опасыздық жасап отыр деп санайды.

Корзунның жұмыстан кетуіне Twitter әлеуметтік желісі арқылы білдірген комментарийінде Алексей Венедиктов: «Өзі келді, өзі кетті. Себебі жоқ екені мәтінде көрініп тұр ғой» деп жазған.

Сергей Корзун 1990-1996 жылдары «Эхо Москвы» радиостанцияның бас редакторы болып істеген. Кейін радиостанцияның бас продюсері және бас редактордың орынбасары қызметін атқарған.

XS
SM
MD
LG