Accessibility links

Ақмола облысында 2 мыңға жуық киік қырылған


Ұрғашы киік пен төлінің өлекселері. Қостанай облысы, 20 мамыр 2015 жыл.
Ұрғашы киік пен төлінің өлекселері. Қостанай облысы, 20 мамыр 2015 жыл.

Ақмола облысында қырылған киік саны екі мың басқа жетіп қалды деп хабарлады 24.kz телеарнасы.

Ақмола облысының Жақсы аудандық әкімдігінің ақпаратына қарағанда, жексенбідегі мәлімет бойынша қырылған киік саны шамамен екі мыңға жуықтаған, бірақ бұл сан әлі өзгеріп жатыр. Өткен аптада облыстың Жақсы және Жарқайың аудандары шекарасында мыңға жуық киік өлексесі табылғаны хабарланған.

Ауыл шаруашылығы министрлігі өткен аптада киік қырылған ауылдық округтерде дерт жұқтырудың алдын алу және үй жануарларын қорғау мақсатында карантин жариялаған. Министрлік киіктердің жаппай қырылу себебі әлі нақты анықталмағанын айтады.

Мамыр айының ортасынан бері Қостанай, Ақмола және Ақтөбе облыстарында ресми есеп бойынша қырылған киік саны 85 мыңнан асады. Киік ең көп қырылған облыс - Қостанай.

XS
SM
MD
LG