Ұлыбританияда орналасқан Syrian Observatory for Human Rights ұйымының мәліметінше, Сирияда "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы содырлары ежелгі Пальмира қаласына басып алған он күннен бері 217 адамды өлтірген.
Ұйым "Ислам мемлекеті" содырлары өлтірді деген 67 адамның аты-жөнін анықтағаны, олардың 14-і бала, 12-сі әйел екенін айтады. Қалған 150 адам - Сирия қауіпсіздік күштерінің өкілдері Хомс провинциясында өлтірілген. Қауіпсіздік қызметкерлері" дегендердің қатарында Сирия президенті Башар Асад режиміне "ақпарат жеткізді" де айыпталған да бар.
Сирияда азамат соғысы басталған 2011 жылдың наурызынан бері 220 мыңнан астам адам қаза тапты.