Accessibility links

Израильдің бұрынғы премьері 8 айға сотталды


Израильдің бұрынғы премьер-министрі Эхуд Ольмерт сот залында өзіне шыққан үкімді тыңдап тұр. Иерусалим, 25 мамыр 2015 жыл.
Израильдің бұрынғы премьер-министрі Эхуд Ольмерт сот залында өзіне шыққан үкімді тыңдап тұр. Иерусалим, 25 мамыр 2015 жыл.

Израиль экс-премьері Эхуд Ольмерт коррупциялық қылмысқа қатысты айыпталып, сегіз айға сотталды. Ольмерттің адвокаттары сот үкіміне шағымданатынын бірден мәлімдеді.

2006 жылы премьер-министр қызметіне отырған Ольмерт 2009 жылдың басында коррупциялық айыптауларға байланысты отставкаға кеткен.

69 жастағы Эхуд Ольмерт 2014 жылдың мамырында пара алуға байланысты тағы бір қылмыстық іс бойынша алты жылға сотталған. Қазір ол үкімге қатысты апелляциялық шағым Израиль жоғарғы сотының қарауында жатыр.

Ольмерт осыған дейін өзінің кінәсіз екенін мәлімдеп келген.

Ольмерт бұған дейін өзіне қатысты коррупция және алаяқтық ісі бойынша ақталып, тек 19 мың АҚШ доллары көлемінде айыппұл төлеген.

Бірақ сот тергеуі барысында істің жаңа қырлары ашылып, прокуратура оған коррупцияға қатысты жаңа айып таққан.

XS
SM
MD
LG