Accessibility links

Қытайда қарттар үйіндегі өрттен 38 адам мерт болды


Қытайлық өрт сөндірушілер. (Көрнекі сурет).
Қытайлық өрт сөндірушілер. (Көрнекі сурет).

Қытай билігі бүгін елдің орталығындағы Пиндиншань қаласында қарттар үйі өртеніп, 38 адам қаза тапқанын және алты адам жараланғанын хабарлады.

Ресми Xinhua агенттігінің хабарлауынша, өрт жекеменшік көп қабатты қарттар үйінде шыққан. Қазір өрт болған жерде іздеу және құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өрттің неден шыққаны белгісіз.

Қауіпсіздік талаптары аса сақтала бермейтін Қытайда өндірістік төтенше оқиғалар мен өрт жиі болады.

Ақпан айында Хуэйдун қаласында сауда үйінен өрт шығып, 17 адам қаза тапқан. Ал 2013 жылы елдің солтүстік-шығысында құс фабрикасында шыққан өрттен 119 адам мерт болған.

XS
SM
MD
LG