Accessibility links

Ыдырысов: Сирия келіссөзінен үміттіміз


Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов.
Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов.

Қазақстан Астанада өтіп жатқан Сирия оппозициясының келіссөзі бұл елдегі дағдарысты шешуде белгілі бір прогресске қол жеткізетінінен үмітті деп мәлімдеді сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов. Министрліктің Twitter-дегі парақшасында хабарланғандай, Ыдырысов бұл туралы Астанада өтіп жатқан БҰҰ-ның БАҚ-қа арналған Таяу Шығыстағы бейбітшілік проблемалары жайлы халықаралық семинарында айтқан.

Сирия оппозициясының кезекті келіссөзі Астанада кеше, мамырдың 25-інде басталған. Келіссөз мамырдың 27-сіне дейін созылады. Келіссөзге Сирия билігі өкілдері қатысып жатқан жоқ.

Ыдырысовтың айтуына қарағанда, Қазақстан бұл келіссөзді өткізу шешімін «ашық түрде қабылдаған және басқа жасырын мақсаты жоқ».

Ерлан Ыдырысов бұған қоса келіссөз басталғанға дейін өзінің Сирия мәселесіндегі аса мүдделі тараптар – Сауд Арабиясы, Түркия, Иран және басқа да елдердегі әріптестерімен сөйлескенін айтқан.

XS
SM
MD
LG