Қазақстандық теннисші, әлемнің 32-ракеткасы Зарина Дияс Парижде өтіп жатқан Roland-Garros ("Ролан Гаррос") ашық чемпионатының бірінші кезеңінде германиялық Дина Пфиценмайермен кездесіп, екі сетте жеңіске жетті.
Дияс бірінші сетте 0:4 есебімен жеңіліп, одан кейін қарсыласынан 6:4 және 6:1 есебімен басым түсті.
Зарина Дияс екінші айналымда словакиялық Анна Каролина Шмидловамен немесе бельгиялық Алисон Ван Эйтванкпен кездеседі.
Осыған дейін, Қазақстанның тағы бір теннисшісі Юлия Путинцева (әлемнің 99-ракеткасы) да екінші кезеңге шыққан. Ол бірінші айналымда сербиялық Александра Круничті жеңген.
Ал қазақстандық басқа теннисшілер Ярослава Шведова, Андрей Голубев пен Михаил Кукушкин бірінші айналымнан өте алмай, жарысты аяқтады.
Roland-Garros - әлемдегі жүлде қоры ең көп Grand Slam жарыстарының қатарына енетін төрт турнирдің бірі. Биылғы жарыстың финалы 1 маусымда өтеді.