Accessibility links

Мәжіліс білім туралы заңға өзгерістерді мақұлдады


Парламент мәжілісінің отырысы. (Көрнекі сурет).
Парламент мәжілісінің отырысы. (Көрнекі сурет).

Парламент мәжілісі депутаттары бүгін білім беру туралы заңға түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады деп хабарлайды жергілікті агенттіктер.

Заң жобасына түзетулер студенттерді екінші курстан бастап өндірістік тәжірибеден өтуге, ал жұмыс берушілерді практиканттарға жұмыс орнын ұсынуға міндеттейді. Заң жобасында мемлекеттік білім грантымен оқығандар оқуын аяқтаған соң мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс істеуге міндетті болмақ. Құжатта бұдан өзге бірыңғай мектеп формасын дайындау туралы да ұсыныс айтылған.

Құжатта техникалық және кәсіптік білімді тегін беру туралы да қарастырылған. Заң жобасын даярлаған үкіметтің тұжырымынша, бұл техникалық және кәсіптік білімге деген қызығушылықты арттырмақ.

Ұсынылған өзгерістер бойынша, 2017 жылдан бастап колледждер мен жоғары оқу орындары міндетті мемлекеттік аттестациядан өтпейді, оның орнына аккредитация алады.

XS
SM
MD
LG