Accessibility links

Алматы облысында тікұшақ апатынан бір адам мерт болды


Алматы облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).
Алматы облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).

Алматы облысында шағын тікұшақ апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты деп хабарлады Азаттыққа облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

Бортында бір адамы бар тікұшақ облыстың Көксу ауданы Ақшатоған ауылына жақын маңда күндізгі уақытта апатқа ұшыраған. Алдын-ала болжам бойынша, "Талдықорған жолдары" компаниясына тиесілі шағын тікұшақ жол құрылысы жүріп жатқан аумақ үстінен ұшып бара жатып жоғары кернеулі электр желісіне ілінісіп қалған. Мұның салдарынан тікұшақ өртеніп, апатқа ұшыраған. Тікұшақты жүргізген ұшқыш оқиға орнында мерт болған.

XS
SM
MD
LG