Accessibility links

Қара теңізде ежелгі кеме қалдықтары табылды


Сүңгуір Византия кезеңіне жататын кеме қалдығы табылған жерді зерттеп жатыр. Севастополь, Қырым.
Сүңгуір Византия кезеңіне жататын кеме қалдығы табылған жерді зерттеп жатыр. Севастополь, Қырым.

Ресейлік сүңгуірлер Қара теңізде Византия империясы кезеңіне жататын кеменің қалдықтарын тапты. Кеме қалдықтары Ресей 2014 жылы наурызда Украинадан аннексиялап алған Қырымның Севастопольге жақын жағалауларынан табылған.

Экспедиция басшысы әрі Ресей ғылым академиясының тарихшысы Роман Дунаевтың мәлімдемесінде "Кемені зерттеу Қара теңіз бассейні елдері арасындағы сауда, экономикалық және мәдени байланыстардың ерекшеліктері туралы көбірек білуге көмектеседі" делінген.

Сарапшылар таяу уақыттары су астында біраз жұмыстарды атқаруға, оның ішінде кеме қалдығының жасын анықтауға тура келеді. Кеме қалдықтары табылған жерден түсірілген видео жазбада ондаған құмыра жатқаны байқалады.

Византия империясы кезінде Қара теңіз жағалауларына негізінен гректер қоныстанған. Севастополь негізгі сауда торабының бірі болған.

XS
SM
MD
LG