Accessibility links

Испаниялық "Севилья" Европа лигасын ұтты


"Севилья" командасының кубок алған сәті. Варшава (Польша), 27 мамыр 2015 жыл.
"Севилья" командасының кубок алған сәті. Варшава (Польша), 27 мамыр 2015 жыл.

Испанияның "Севилья" командасы Еуропа лигасының Варшавада өткен финалында украиналық "Днепр" клубын 3:2 есебімен жеңді.

Осылайша, "Севилья" Еуропа лигасын төртінші рет ұтып (2006, 2007, 2014, 2015), жарысты ең көп ұтқан команда ретінде рекорд орнатты.

Ал украиналық "Днепр" командасы алғаш рет еуропалық турнирлердің финалына шықты.

Еуропа лигасы - УЕФА аясында ұйымдастырылатын Чемпиондар лигасынан кейінгі ең ірі клубтық турнир. Жарысқа көбіне УЕФА-ға мүше елдердің чемпионатында екінші, үшінші орын алған және кубогын жеңген командалар қатысады.

2013 жылы қарағандылық "Шахтер" командасы Еуропа лигасының топтық кезеңіне дейін жеткен.

2015-2016 жылдары өтетін Еуропа лигасына Қазақстаннан "Ақтөбе", "Қайрат" және "Ордабасы" командалары қатысады. Қазақстандық үш клуб та жарысты іріктеуден бастайды.

XS
SM
MD
LG