Accessibility links

Бішкекпен арадағы шекара өкілдері туралы келісім мақұлданды


Қазақ-қырғыз шекарасы. Қордай кедені, Жамбыл облысы. (Көрнекі сурет).
Қазақ-қырғыз шекарасы. Қордай кедені, Жамбыл облысы. (Көрнекі сурет).

Парламент сенаты депутаттары бүгін Қырғызстанмен арадағы шекаралық өкілдердің қызметі туралы келісімді ратификациялады.

Жергілікті агенттіктердің хабарлауынша, Қырғызстан осындай келісімді 2004 жылы мақұлдаған. Парламентте сөйлеген Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары әрі Шекара қызметі директорының міндетін атқарушы Дархан Дильмановтың мәлімдеуінше, Астана бұл келісімді бұдан әлдеқайда ерте мақұлдауы керек болған. Бірақ ратификациялау туралы заң жобасы бірнеше рет толықтырылуға жіберіліп, депутаттар қарауына уақытында түспеген.

Келісім бойынша, шекаралық өкілдерге мемлекеттік шекарадан өту ережелерінің сақталуын қадағалау өкілеті жүктелген. Олар мемлекеттік органдармен бірлесе отырып контрабандамен күрес шараларына, шекарада өлгендерді анықтау жұмыстарына қатысуға құзыретті. Бұдан өзге, шекарадағы өкілдердің шекарадағы су қоймаларындағы судың пайдаланылуын бақылауға құқығы бар. Келісімде шекарадағы оқиғаларды тексеру шекарадағы өкілдің басшылығымен жүргізілетіні де айтылған.

Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері арасындағы шекарадағы өкілдердің қызметі туралы келісімге 2001 жылдың 15 желтоқсанында Астанада қол қойылған.

XS
SM
MD
LG