Accessibility links

Парламент сенаты депутаттары бүгін "Бітімгершілік қызметі туралы" заң жобасын мақұлдады.

Заң жобасы Қазақстан әскерінің бітімгершілік операцияларына қатысу тәртібін реттейді. Заң жобасы бойынша, Қазақстан президенті қарулы күштерді бітімгерлік операцияларына қатыстыру ұсынысын парламентке жолдайды, парламент ұсынысты талқылап, тиісті шешім қабылдайды. Қазақстан әскері бітімгерлік операциясындағы әрекетін бітімгерлік операциясы тұтастай аяқталғанда, операцияға қатысу мерзімі біткенде немесе мерзімінен бұрын қайтарып алынғанда тоқтатады.

Құжат бойынша, бітімгіршілік күштерге қаржы Қазақстан үкіметінің резервінен, БҰҰ мен халықаралық ұйымдардан және бітімгершілік операцияларын қаржыландыратын серіктес мемлекеттерден бөлінеді.

Заң жобасы Қазақстан президентіне қол қоюға жіберілді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG