Халықаралық Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым мәліметтері бойынша, қазірге дейін әлемдегі барлық химиялық қару-жарақ қорының 90 пайызы жойылып бітті. Ұйым бас директоры Ахмед Узюмджудың сөзінше, бұл - әлемдік қауымдастықтың "бұл қару-жарақ түрінен арылуға бет бұрғанын" көрсетеді.
Дүние жүзінде химиялық қару-жарақты өндіріп, сақтауға салынған тыйым күшіне енген 1997 жылдан бастап тіркелген 63 мың тонна химиялық улы зат жойылған. Мұның басым көпшілігі АҚШ пен Ресейге тиесілі, 1 мың 300 тоннасы Сириядан шығарылған.
2013 жылы қызметі үшін бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығын алған Химиялық қару-жараққа тыйым салу ұйымы 2020-2023 жылдарға қарай Ресей мен АҚШ-тағы қалған химиялық қару-жарақ қоры түгелдей жойылмақ.