Accessibility links

Ыдырысов пен Лавров Ресейде кездеседі


Ресей және Қазақстан сыртқы істер министрлері Сергей Лавров (сол жақта) пен Ерлан Ыдырысов.
Ресей және Қазақстан сыртқы істер министрлері Сергей Лавров (сол жақта) пен Ерлан Ыдырысов.

Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров бүгін Ресейдің Таулы Алтай республикасында кездеседі. Ресей сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, кездесуде министрлер екі жақты қарым-қатынастар, Украинадағы жағдай, халықаралық қатынастағы ынтымақтастық және Еуразия экономикалық одағы (ЕАЭО) аясындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылайды. Жоспар бойынша, Ыдырысовтың Ресейге жұмыс сапары 30 мамырға дейін жалғасады.

Ресей сыртқы істер министрлігінің хабарламасында алдағы сапардың "екі ел үкіметтері арасындағы қарқынды диалогтың, стратегиялық әріптестіктің бір бөлігі болып, одақтастық қатынастардың одан ары тереңдеуіне ықпал ететіні" айтылған.

XS
SM
MD
LG