Accessibility links

АҚШ Путиннің мемлекеттік құпия туралы жарлығын сынады


АҚШ мемлекеттік департаменті өкілі Джеф Ратке.
АҚШ мемлекеттік департаменті өкілі Джеф Ратке.

АҚШ Ресей президенті Владимир Путиннің бейбіт уақытта әскери операциялар кезінде қаза тапқандар туралы мәліметтерді мемлекеттік құпияға айналдыру туралы жарлығын сынады.

АҚШ мемлекеттік департаменті өкілі Джеф Раткенің мәлімдеуінше, бұл жарлық - Мәскеудің Украина территориясындағы құпия операциялары кезінде ресейлік әскерилердің қаза тапқаны туралы мәліметтерді жасыру әрекеті. "Біз бұл жарлықты барлығына мәлім жайттарды, нақты айтсақ Ресей әскерінің Украина шығысында әскери операцияларға қатысып, қаза тапқанын жасыру әрекеті деп бағалаймыз" деді Ратке 28 мамырда баспасөз жиынында.

Джеф Ратке Украина территориясында әрекет ететін ресейлік әскерилердің киімдерінен айырым белгілерін алып тастайтынын және өздерімен бірге ешқандай құжаты болмайтынын айтады. Бұдан өзге, Ресей әскері техникаларын бояп, ондағы Ресей туының суретін өшіріп тастайды.

Ресей Путин жарлығының Украинаға ешқандай қатысы жоғын айтады. Бұған дейін Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков жарлық Ресейдің мемлекеттік құпия жөніндегі заңнамаларын жетілдіруге арналған деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG