Accessibility links

Ақмола облысында әскери көлік пен жүк көлігі соқтығысты


Бронды әскери техника. (Көрнекі сурет).
Бронды әскери техника. (Көрнекі сурет).

Ақмола облысында жол үстінде әскери бронды көлік пен жүк көлігі соқтығысты деп хабарлады Азаттыққа облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Shacman маркалы жүк көлігі әскери көлікпен қарсы бағытқа шығып кетіп соқтығысқан. Оқиға салдарынан төрт әскери қызметкер Астанадағы бірінші қалалық ауруханаға түскен. Жүк көлігі жүргізушісінің жағдайына қатысты ақпарат жоқ.

Департамент мәліметіне қарағанда, жол-көлік оқиғасы Екатеринбург-Алматы жолының 1288-километрінде, Жібек жолы ауылына жақын маңда болған. Қазір "жол қозғалысы және көлік құралын пайдалану ережелерін бұзу" бабы бойынша іс қозғалған.

XS
SM
MD
LG