Accessibility links

Алматыда 6-республикалық Құран жарысы аяқталды


Алматыда өткен 6-республикалық Құран жарысы. Алматы, 29 мамыр 2015 жыл.

Бүгін Алматыдағы "Байкен" мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырған 6-республикалық Құран жарысы аяқталып, жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтті.

Мамырдың 28-інде басталған жарысқа республиканың әр аймағынан іріктелген 33 қари қатысты. Алғашқы күні жарыста 33 қари бақ сынап, әділқазылар соңғы кезеңге олардың 10-ын іріктеп алды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұрынғы жылдары жарысқа Құранның белгілі бір бөлігін жаттап, білгендер қатысса, биылғы жарысқа Құранды толық жаттағандар ғана қатыстырылған. Үміткерлерге Құранды дұрыс оқып, қатесіз жаттау, аяттардың мағынасын білу талаптары қойылған.

Жарыстың бірінші орнын Жамбыл облысынан келген 14 жастағы Дулат Халықұлы жеңіп алды. Екінші орынды Оңтүстік Қазақстан облысынан келген Шоқан Уәлиев, үшінші орынды Жамбыл облысынан қатысқан Хусейн Уәлиқажы иеленді. Алғашқы орынға жеңіл "Hyunday" көлігі, екінші орынға "Daewoo Nexia" көлігі, үшінші орынға "Лада Приора" көлігі тігілді.

Құран жарысы жүлдегерлерін марапаттау:

Құранды үздік оқыған автокөлік алды
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:15 0:00

XS
SM
MD
LG