Accessibility links

Зепп Блаттер ФИФА президенті болып қайта сайланды


ФИФА президентін сайлау кезінде дауыс санау сәті. Цюирх, 29 мамыр 2015 жыл.

79 жастағы Зепп Блаттер Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) президенті болып қайта сайланды. Дауыс беру бүгін Швейцарияның Цюрих қаласында ФИФА конгресі аясында өтті.

Бірінші турда Блаттер 133, Иордания ханзадасы Әли бин әл-Хусейн 73 дауыс алған. Үш бюллетень жарамсыз деп танылған. Ереже бойынша, бірінші турда 140 дауыс алғанда бірден жеңіске жетеді. Блаттердің жинаған дауысы бұл межеге жетпегендіктен екінші тур ұйымдастырылуы тиіс еді.

Бірақ Әли бин әл-Хусейн екінші турға қатысудан бас тартты. Осыдан кейін Блаттер 2019 жылға дейін ФИФА президенті болып сайланды.

Зепп Блаттер ФИФА-ны 1998 жылдан бері басқарып келеді. ФИФА президентін сайлауға бірнеше күн қалғанда ФИФА-ның он шақты шенеунігі коррупцияға қатысы бар деген күдікпен тұтқындалған.

XS
SM
MD
LG