Accessibility links

АҚШ Кубаны терроризмді қолдайтындар тізімінен шығарды


Рауль Кастро (сол жақта) мен Барак Обама Панамада өткен Америка саммиті кезінде. 11 сәуір 2015 жыл.
Рауль Кастро (сол жақта) мен Барак Обама Панамада өткен Америка саммиті кезінде. 11 сәуір 2015 жыл.

АҚШ үкіметі Кубаны терроризмді қолдайтын елдер тізімінен шығарды деп жариялады жұма күні АҚШ мемлекеттік департаменті. Вашингтон бұндай шешімді Гаванамен арада 50 жылдан астам уақыт бұрын тоқтап қалған дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіру процесі аясында қабылдап отырғаны хабарланды.

Сонымен бірге АҚШ кең ауқымды мәселелер бойынша Куба басшылығының іс-әрекетіне байланысты екі тарап арасында «айтарлықтай қайшылықтар» барын, бірақ, олар терроризмді қолдайтын елдер тізіміне қатысты шешімнің қабылдануына ықпал етпегенін атап көрсеткен.

Вашингтонның жаңа қадамы екі ел арасындағы байланыстарды, соның ішінде елшіліктерді қалпына келтіріп, дипломатиялық миссиялар басшыларын тағайындау сияқты іс-шараларды жүзеге асыру мүмкіндігіне жол ашады.

Барак Обама мен Рауль Кастро былтыр желтоқсанда тұтқындар алмасу жайлы уағдаластық туралы жария еткен.

Бірақ, АҚШ-тың Кубамен сауда-саттық жасауға салған эмбаргосы әзірге күшінде қалып отыр. Оны алып тастау үшін АҚШ Конгресінің тиісті шешімі қажет.

XS
SM
MD
LG