Accessibility links

Қытай мекеме-компанияларға бастауыш партия ұйымын ұстауды міндеттеді


Қытай коммунистік партиясы ұлттық конгресінің отырысы. Пекин, 14 қараша 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Қытай коммунистік партиясы ұлттық конгресінің отырысы. Пекин, 14 қараша 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Қытай компартиясы елдегі мемлекеттік мекемелер мен жеке меншік компанияларды өздерінде бастауыш партия ұйымдарын ұстауды міндеттейтін қаулы қабылдаған. Бұл туралы «Жэньминь жибао» газетіне сілтеме жасап Reuters агенттігі хабарлады. Бұл шешім «партия бағытын нығайту және бүкіл қоғамда партия саясатын орындау» мақсатында қабылданып отырғаны айтылған.

Қаулы жұма күні Қытай коммунистік партиясы орталық комитетінің саяси бюро отырысында қабылданған. Ол жиынға Қытайдың қазіргі басшысы Си Цзиньпин қатысқан.

Партиялық тәртіпті нығайтуға бағытталған жаңа ереже елдегі шетелдік компанияларға да орындауға міндетті болып табыла ма, жоқ па – ол жағы әзірше айқын емес деп хабарлайды Reuters.

Агенттік Қытайда «партиялық тәріп» деген сөз тіркесі әдетте коррупцияға қарсы күресті күшейтуді білдіретінін айтады. Қоғамда жоғары және төменгі деңгейлердің барлығында бұл кеселмен күрестен шет қалған аймақ болмауы тиіс деп мәлімдеген Си Цзиньпин билігі тұсында Қытайда коррупцияға қарсы күрес басты науқанға айналған.

XS
SM
MD
LG