Қазақстанда бүгін сталиндік билік тұсындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шаралары өтіп жатыр.
СССР кезінде сталиндік репрессия құрбандары жаппай жерленген Алматы облысы Жаңалық ауылының іргесінде орнатылған ескерткішке бүгін гүл қойылып, азалы жиын өтті. Оған саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары, ғалымдар, азаматтық белсенділер, облыс және аудандық билік өкілдері қатысты.
Тарихшылардың деректері бойынша, сталиндік қуғын-сүргін жылдары Қазақстанда 22 мың адам атылған. Солардың арасында 4 мың 800 адам Жаңалық ауылы маңындағы жерге көмілген.
Жаңалық ауылындағы бүгінгі шараларға қатысқан Азаттық тілшілері әзірленген видео:
-
Қазис ТОҒЫЗБАЕВ
Қазис Тоғызбаев 2008 жылғы қыркүйектен бастап өмірінің соңына, яғни 2021 жылғы 28 ақпанға дейін Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде еңбек етті. Азаттыққа дейін оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.