Алматыда бүгін бір топ ғалымдар мен азаматтық белсенділер Қазақстанда киіктердің жаппай қырылуына байланысты билік орындарына бірнеше талап қойып, үндеу жасады.
Жазушылар одағында баспасөз мәслихатын өткізгендер киіктердің өліміне қатысты "соңғы бірнеше жылдан бері жүргізіліп келе жатқан зерттеу жұмыстарының нәтижесіз екенін" айтты.
Белсенділер бас прокуратура мен есеп комитетін ауыл шаруашылығы министрлігі мен оған бағынышты мекемелеріне киік санын көбейту, қорғау және басқа да мақсаттарда бюджеттен бөлінетін қаржының пайдаланылуын тексеруді, соңғы қырылған киік өлекселері сынамаларын халықаралық зертханаларға зерттеуге жіберуді және зерттеу қорытындысын ашық жариялауды талап етеді.
Жиынға қатысқан жазушы Марат Тоқашбаев, жазушылар одағының хатшысы Маралтай Райымбекұлы, халықаралық адам институтының президенті Әкім Жанұзақ бастаған топ бұған қоса «киіктердің өліміне қатысты құрылған үкіметтік комиссия құрамына қоғамдық комиссының жеті өкілін енгізу» туралы талап қоятындықтарын да жеткізді.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің бүгін таратқан соңғы мәләметінше, Қазақстанда мамыр айының басынан бері қырылған киік саны 127 мыңнан асқан.