Accessibility links

Бүгін Қазақстанда ҰБТ басталды


Алматыда Ұлттық бірыңғай тест тапсыратын пункт алдында тұрған мектеп бітірушілер мен олардың ата-аналары, мұғалімдер. Алматы, 2 маусым 2015 жыл.
Алматыда Ұлттық бірыңғай тест тапсыратын пункт алдында тұрған мектеп бітірушілер мен олардың ата-аналары, мұғалімдер. Алматы, 2 маусым 2015 жыл.

Бүгін, 2 маусымда Қазақстанда мектеп бітірушілер тапсыратын ұлттық бірыңғай тест (ҰБТ) басталды. Мектеп бітіру емтиханы мен жоғары оқу орнына түсу үшін өткізілетін сынаққа биыл 87 мың 770 мектеп бітіруші қатысады.

Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, биыл Қазақстан мектептерін 124 мың 346 түлек бітіреді. Олардың 84 мың 248-і мектепті қазақ тілінде, 40 мың 62-сі орыс тілінде бітірмек. Түлектердің 87 мың 770-і ҰБТ тапсыруға өтініш білдірген. 4 мың 498 түлек "Алтын белгіден" үміткер.

Министрлік биыл түлектердің ҰБТ тапсыруына қатысты біраз өзгеріс енгізген. Биыл ҰБТ тапсыруды ұйымдастыру жұмыстарына түсетін жүктемені жеңілдету үшін ҰБТ тапсыратын орын саны 10-ға көбейіп, 165-ке жетті. Осыған байланысты ҰБТ тапсыру маусымның 2-сінде басталып, 15-іне дейін, яғни екі аптаға созылады.

Биыл бұдан өзге түлек ҰБТ нәтижесін бұрынғыдай аты-жөні арқылы емес, өзіне берілетін идентификациялық нөмірі арқылы ғана біле алады.

Қазақстанда ҰБТ енгізілгеніне биыл он бір жыл болды.

XS
SM
MD
LG