Accessibility links

Оңтүстік Кореяда MERS вирусынан 2 адам көз жұмды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Оңтүстік Корея билігі аймақта пайда болған Таяу Шығыс респираторлық синдромын (Middle East Respiratory Syndrome) жұқтырған екінші науқас қайтыс болғанын хабарлады. 58 жастағы әйел синдромды Оңтүстік Кореяда осы дертпен алғашқы ауырған 71 жастағы ер адамнан жұқтырып, 1 маусымда көз жұмған.

Оңтүстік Корея - респираторлық синдром Таяу Шығыс аймағынан алысқа таралған алғашқы ел.

Таяу Шығыс респираторлық синдромы 2003 жылы Азияда жүздеген адам көз жұмған жедел респираторлық синдромынан анағұрлым қауіпті, бірақ аса жұқпалы емес.

1 маусымдағы мәліметтер бойынша, Оңтүстік Кореяда бұл вирус тікелей немесе жанама әсер етті делінген 682 адам карантинге алынған. Әзірге емі табылмаған індет 20-дан астам мемлекетте таралған. Вирус жұқтырғандардың көпшілігі Сауд Арабиясында тіркелген. Бұл елде 2012 жылдан бері вирустан 400-ден астам адам қайтыс болған.

XS
SM
MD
LG