Франция сыртқы істер министрі Лоран Фабиустың мәлімдеуінше, Ирактағы "Ислам мемлекеті" экстремистік тобына қарсы әуеден соққы беру елде саяси бітім орнаған жағдайда ғана тиімді болады.
Фабиустың айтуына қарағанда, ирактықтар Ирак үкіметі азаматтардың барлық топтарының мүддесін бірдей қорғайтынын сезінгенде ғана экстремистермен күресе бастайды. Лоран Фабиус бұл жайында Парижде өтетін "Ислам мемлекеті" ұйымымен күрес мәселелеріне арналған халықаралық конференция қарсаңында айтты.
Сарапшылардың айтуынша, Ирак үкіметі билікке мұсылман сүнниттерді тартпағаны үшін сынға қалып отыр. Олар бұған қоса Ирактағы саяси процесстерді жылдамдатуға тырысатын Франция мен АҚШ билігін "аса шыдамсыз" дейді.
"Ислам мемлекеті" содырлары Ирактағы ірі Анбар провинциясының орталығы Рамади қаласын ирак әскері қаланы тастап кеткненен кейін басып алған. Иракқа француз әскерін жіберуге қатысты Лоран Фабиус "Ирак әскері өзі соғысуы тиіс" деді.