Accessibility links

Ауғанстан: Шабуылдан 9 гуманитарлық жұмысшы мерт болды


Фариаб уәлаятында арнайы операция кезіндегі ауған әскерилері. Ауғанстан, 1 маусым 2015 жыл.
Фариаб уәлаятында арнайы операция кезіндегі ауған әскерилері. Ауғанстан, 1 маусым 2015 жыл.

Ауғанстанның солтүстігіндегі Балх уәлаятының Зари ауданында қонақүйге шабуыл жасалып, кемінде тоғыз жұмысшы қаза тапты. Associated Press агенттігінің жергілікті билікке сілтеме жасап хабарлауынша, шабуыл бүгін таңертең жасалған. Жұмысшылар - Чехияның People in Need гуманитарлық ұйымы жалдаған ауғандықтар. Әзірге бір де бір топ шабуылды мойнына алған жоқ. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Соңғы уақытта Балх уәлаятында бүлікшілік әрекеттер көбейген.

Мамыр айының басында Кабулдың орталығында да қонақүйлердің біріне шабуыл жасалып, көпшілігі шетелдік 14 адам қаза тапқан. Құрбан болғандар арасында Қазақстан азаматы да болған.

XS
SM
MD
LG