Accessibility links

Қытай Ресейге газ құбырын сала бастады


"Сила Сибири" газ құбырының Ресейдегі бөлігінің құрылысы. Қыркүйек 2014 жыл.
"Сила Сибири" газ құбырының Ресейдегі бөлігінің құрылысы. Қыркүйек 2014 жыл.

Ресейлік "Газпром" мемлекеттік мұнай-газ компаниясы Қытай Ресейден Қытайға газ тасымалдайтын "Сила Сибири" құбырын салуды бастағанын хабарлады.

"Газпромның" 2 маусымда таратқан ақпаратына қарағанда, Қытай жағы құбырдың өз территориясынан өтетін бөлігі құрылысн өткен аптада бастаған. Компания бұған қоса Ресейдің көмірсутег ресурстарын Қытаймен жалғайтын "Батыс маршрут" жобасы бойынша келіссөз де ойдағыдай жүріп жатқанын айтады.

Ресей мен Қытай өткен жылы 400 милилард АҚШ долларына газ құбырын салу туралы келісімге қол қойған. Келісім бойынша, Ресей жағы құбыр жобасына 55 миллиард АҚШ долларын бөледі.

XS
SM
MD
LG