Accessibility links

Министрлік: Алғашқы 3478 бітіруші ҰБТ-дан өте алмады


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі Ұлттық бірыңғай тестілеуге бара жатқан мектеп оқушылары. Алматы, 2 маусым 2015 жыл.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі Ұлттық бірыңғай тестілеуге бара жатқан мектеп оқушылары. Алматы, 2 маусым 2015 жыл.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күні сынақ тапсырған мектеп бітірушілердің 18,4 пайызы - 3 мың 478-і қажетті 59 баллды жинай алмады деп хабарлады білім және ғылым министрлігі.

2 маусымда басталған ҰБТ-ның алғашқы күні ең жоғарғы 125 баллды бір ғана бітіруші - Тараздағы № 45 қазақ классикалық гимназиясының түлегі Гүлназ Ердосова жинаған. Алғашқы күні ҰБТ тапсырғандардың 3 мың 409-ы 100-ден жоғары балл жинаған. Бұл сынақ тапсырған 18 мың 889 бітірушінің 18,1 пайызын құрайды. 27 бітіруші сынақ залынан шығарылған.

Білім және ғылым министрлігі сынақтың алғашқы күні 7 мың 700ден астам тест кезінде қолдануға тыйым салынған зат тәркіленген.

Министрлік биыл мектеп бітіру емтиханы мен жоғары оқу орнына түсу үшін өткізілетін сынаққа 87 мың 770 мектеп бітіруші қатысатынын хабарлаған.

ҰБТ сынағы маусымның 8-іне дейін өткізіледі. Одан соң маусымның 15-іне дейін апелляция өтеді.​

XS
SM
MD
LG