Accessibility links

AI гейлер туралы заң жобасынан бас тартуды қолдады


Amnesty International ұйымының логотипі. (Көрнекі сурет).
Amnesty International ұйымының логотипі. (Көрнекі сурет).

Amnesty International (AI) халықаралық ұйымы Астананың бір жыныстылар құқығын шектейтін "Балаларды денсаулығы мен дамуына зиын келтіретін ақпараттардан қорғау туралы" заң жобасынан бас тартуын қолдады. Қазақстан конституциялық кеңесі 18 мамырда бұл заң жобасын конституцияға қайшы деп кері қайтарған.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, заң жобасы қабылданса Қазақстан лесби, гей, бисексуалдар мен транссексуалдар (ЛГБТ) құқықтарын және ой-пікірін білдіру еркіндігін қорғау жөніндегі халықаралық міндеттемелерін бұзған болар еді. AI заң жобасында гомосексуалдарды насихаттауға тыйым салу қарастырылған дейді.

Конституциялық кеңес шешімінің мәтіні жарияланбады. "Балаларды денсаулығы мен дамуына зиын келтіретін ақпараттардан қорғау туралы" заң жобасы енді парламентке қайтып баруы тиіс.

XS
SM
MD
LG