Accessibility links

АҚШ Тәжікстанда сайттардың бұғатталуына алаңдаулы


"Ислам мемлекеті" ұйымының қатарына өткен тәжік арнайы жасағы командирі Гулмурод Халимов түскен видеодан скриншот.
"Ислам мемлекеті" ұйымының қатарына өткен тәжік арнайы жасағы командирі Гулмурод Халимов түскен видеодан скриншот.

АҚШ Тәжікстанда бірнеше сайттың бұғатталуына алаңдаушылық білдірді. АҚШ-тың Душанбедегі елшілігі 4 маусымда жариялаған мәлімдемесінде Душанбені Азаттықтың Тәжік қызметінің орыс және ағылшын тіліндегі сайттарына, Facebook желісі мен басқа да әлеуметтік желілерге және ақпараттық ресурстарға салынған "кез-келген шектеуді" алып тастауға шақырды.

Мәлімдемеде "адамдардың өз көзқарастарын барлық жерде - алаңда да, интернетте де бірдей еркін білдіруге құқығы бар" делінген.

Тәжікстанда аталған сайттар 28 мамырдан бастап ашылмай тұр. Тәжікстан интернет провайдерлері ассоциациясының төрағасы Асомуддин Атоев Азаттыққа интернет ресурстар мемлекеттік коммуникациялар қызметінің ауызша нұсқауымен бұғатталғанын айтты.

Оның сөзінше, бұғаттауға 27 мамырда YouTube сайтында тәжік арнайы жасағы командирі Гулмурод Халимовтың "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы қатарына қосылғаны туралы видео жариялануы себеп болған. Тәжікстан билігі мұның бұғаттауға қатысы жоқ дейді.

XS
SM
MD
LG