Accessibility links

Астана мен ЮНИСЕФ: Суицидке қарсы бағдарлама жасап жатырмыз


ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Юрий Юксамитный. Алматы, 5 маусым 2015 жыл.
ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Юрий Юксамитный. Алматы, 5 маусым 2015 жыл.

Қазақстан үкіметі БҰҰ-ның балалар қоры ЮНИСЕФ-пен бірлесіп, жастар арасындағы суицидті жою жобасын түзуді аяқтап қалды. Бұл жайында бүгін ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Юрий Юксамитный Алматыда өткен баспасөз жиынында хабарлады. Жобаны түзуге шетелдік сарапшылар тартылған.

Юксамитныйдың ақпаратына қарағанда, Қазақстан жастар арасындағы суицид деңгейі жөнінен әлемде әлі де алғашқы орындардың бірінде тұр.

Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында суицидтің алдын алу және балалар мен жастардың құқықтарын қорғау үшін қазақстандық 25 үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ) "Ақбота" ұлттық ассоциациясына бірікпек. ҮЕҰ өкілдерінің айтуынша, олар Қазақстанда балалар құқығы жөніндегі өкілетті институт құруды талап етеді. ҮЕҰ өкілдері тұрмыста балаларға зорлық-зомбылық көрсету мен бала саудасының алдын алуға, "ерекше талабы бар" балалар мен жастарға арналған бағдарламаларды қолдауға ниетті.

- Суицид болған кезде бізде кімге хабарласу керек, кімнен сұрап, кімді шақыру керек деп алашапқын болады. Нақты іс-қимылдар алгоритмі, жүйе жоқ. Тек сенім телефоны, құқық қорғау органдары мен білім басқармасы ғана бар, - дейді "Ақбота" ұлттық ассоциациясының төрағасы Сағынғали Елкеев.

Мамырдың ортасында Астанада көп қабатты үйлердің бірінің балконынан екі жасөспірім бірге секіріп кеткен. Осы апта басында Ақмола облысында бір жасөспірім өз-өзіне қол салған. Мамыр айының басында Ақтөбеде үш жасөспірім өз өмірін қиған. Психологтар ата-аналар мен мұғалімдерді жасөспірімдер психологиясын түсініп, оларға барынша мұқият болуға шақырады.

XS
SM
MD
LG