Accessibility links

Үй жануарлары өлімін киікпен байланыстырмайды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қостанай облысында үй жануарларының қырылуы киіктердің жаппай қырылуымен байланысты емес деп мәлімдеді бүгін облыстық ветеринария басқармасы бастығы Берікжан Қайыпбай.

Бірер күні бұрын ақпарат құралдары облыстың Жанкелді ауданында, "Алтын Дала" табиғи резерватына жақын аймақтағы шаруа қожалықтарында мүйізді ірі қара төлдері мен жылқылардың да өле бастағанын хабарлаған.

Берікжан Қайыпбайдың сөзінше, ветеринарлық дәрігерлер мал қырылған шаруашылықтарда тексеру жүргізіп, үй жануарларының "күтім көрмегенін, салқын тию мен одан асқынған өкпе қабынуы және гастроэнтериттен өлгенін" анықтаған.

XS
SM
MD
LG