Accessibility links

Ресей мен Египет әскери-теңіз жаттығуын бастады


Жерорта теңізіндегі жаттығуларға қатысатын ресейлік «Москва» крейсері. (Сурет 2013 жылы түсірілген.)
Жерорта теңізіндегі жаттығуларға қатысатын ресейлік «Москва» крейсері. (Сурет 2013 жылы түсірілген.)

Ресей мен Египет қарулы күштері өз тарихтарында алғаш рет Жерорта теңізінде бірлескен жаттығулар өткізіп жатыр. «Достық көпірі – 2015» деп аталатын әскери-теңіз жаттығулары маусымның 6-ы мен 14-і аралығында өтеді деп хабарланған.

Сенбі күні Ресейдің Қара теңіздегі флотының бірнеше кемесі Египеттің Александрия портына кірген.

Ресей қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, екі мемлекеттің әскери кемелері әуе күштерінің көмегімен теңізде әртүрлі қауіп-қатерден қорғанудың барлық әдіс-тәсілдерін қайталап, қарудан ату жаттығуларын өткізбек.

XS
SM
MD
LG