Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 370 километр қашықтықта бүгін қуаттылығы 5,2 магнитуданы құрайтын жер сілкінісі болды деп хабарлайды білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістемелік-зертханалық орталығы.
Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісі бүгін Астана уақыты бойынша сағат 10:50-де тіркелген. Зілзала ошағы Қырғызстан аумағында, жердің он километр тереңдігінде болған.
Алматыда жер сілкінісінің дүмуі сезілгені туралы ақпарат жоқ.