Accessibility links

Оңтүстік Кореяда MERS вирусын жұқтырғандар саны артты


Оңтүстік кореялық жұмысшылар Сеулдегі Incheon халықаралық әуежайында жолаушылар ұшағын зарарсыздандырып жатыр. 5 маусым 2015 жыл.
Оңтүстік кореялық жұмысшылар Сеулдегі Incheon халықаралық әуежайында жолаушылар ұшағын зарарсыздандырып жатыр. 5 маусым 2015 жыл.

Оңтүстік Кореяда Таяу Шығыс респираторлық синдромын (MERS) жұқтырған алтыншы адам қайтыс болды. Соңғы тәуліктерде бұл вирусты жұқтырғандар саны күрт артқан.

Оңтүстік Корея денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметі бойынша, жаңадан 23 адам вирус жұқтырып, жалпы вирус жұқтырған науқас саны 87-ге жеткен. Еуропадағы індетті бақылау және алдын алу орталығының дерегінше, Оңтүстік Корея MERS вирусын жұқтырғандар саны бойынша әлемде Сауд Арабиясынан кейін екінші орында тұр.

Оңтүстік Корея билігінің хабарлауынша, қазір 2 мың 300-ге тарта адам карантинде тұр. Билік орындары вирус таралуы қаупінен Сеул қаласы мен Кенгидо провинциясында орналасқан 1 мың 900-ге тарта мектептің жұмысын тоқтата тұруға шешім қабылдаған.

XS
SM
MD
LG