Accessibility links

Иран экс-вице-президенті ұсталды


Иранның бұрынғы президенті Махмуд Ахмединежад (сол жақта) пен бұрынғы вице-президенті Хамид Багаи.
Иранның бұрынғы президенті Махмуд Ахмединежад (сол жақта) пен бұрынғы вице-президенті Хамид Багаи.

Иран ақпарат құралдары елдің бұрынғы вице-президенті Хамид Багаидің белгісіз себептермен ұсталғанын хабарлап жатыр.

Иран бас прокуроры Голамхосейн Мохсени-Эжейенің айтуынша, Хамид Багаи маусымның 8-інде ұсталған. Бірақ ол Багаидің не себепті ұсталғанын айтпады.

Багаи бұрынғы президент Махмуд Ахмединежадтың атқарушылық істермен айналысатын вице-президенті болған.

Қаңтар айында Ахмединежад тұсындағы тағы бір вице-президент Мохаммад Реза Рахими пара алу айыбымен бес жылға сотталып, бір миллион АҚШ доллары айыппұл төлеуге міндеттелген.

Иранның іс басындағы президенті Хассан Роухани Ахмединежад үкіметін биліктен болған сегіз жылда бюджет қаржысын ысырап етті деп айыптаған.

XS
SM
MD
LG