Қазақстанда биылға мектеп бітіру емтиханы мен жоғарғы оқу орнына түсу үшін тапсырылатын ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) аяқталды. Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, биыл ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл 79,4 баллды құраған.
Биылғы ҰБТ-да ең жоғарғы 125 баллды Қазақстан бойынша барлығы бес оқушы жинаған. 2 маусым 8 маусым аралығындағы тестілеуге қатысқан 87 мың 782 мектеп бітірушінің 67 мың 497-сі (81,4 пайыз) сынақтан өтуге қажетті 50-ден аса балл жинаған. Сынақ тапсырғандардың 14 мың 420-сы (17,4 пайыз) 100-ден аса балл жинаған.
Маусымның 15-іне дейін апелляциялық комиссия түлектерден түскен шағымдарды қарайды.