Accessibility links

AI: Пан Ги Мун Өзбекстандағы адам құқықтары жайлы айтсын


БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун.
БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун.

Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунды 12 маусымда Өзбекстанға жасайтын сапарында осы елдегі "адам құқықтарының нашар жағдайы мәселесін" көтеруге шақырды.

Ресми мәлімдемесінде құқық қорғаушылар Пан Ги Мун Ташкентті өзіне алған халықаралық міндеттемелерін құрметтеуге батыл түрде шақырып, Өзбекстанға адам құқықтары жөніндегі сарапшыларды кіргізуін талап етуі тиіс дейді.

Ұйым Өзбекстан билігі елде "үкіметтің енжарлығынан болып жатқан азаптау мен басқа да құқық бұзушылықтарды тыятын реформаларды дереу жүргізуге" уәде беруі тиіс деп санайды. Amnesty International-дың Еуропа және Орталық Азия бағдарламасының директоры Джон Дальхюзеннің мәлімдеуінше, өзбек полициясы мен күштік құрылымдары "Пан Ги Мун сапары қарсаңында да арсыз азаптауды тоқтатпай отыр".

Өткен аптада мақта алқаптарындағы адам еңбегін мәжбүрлі түрде пайдалануға қатысты ақпарат жинап жүрген Өзбекстан құқық қорғаушылар альянсының басшысы Елена Урлаева өзін полиция ұстап, зорлық-зомбылық пен жыныстық кемсітушілік көрсеткенін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG