Accessibility links

Алматыдан 220 километр қашықтықты жер сілкінді


Алматы облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).+-
Алматы облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).+-

Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 220 километр қашықтықта бүгін қуаттылығы 4,1 магнитуданы құрайтын жер сілкінісі болды деп хабарлайды білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістемелік-зертханалық орталығы.

Сейсмологтардың ақпаратына қарағанда, жер сілкінісі 10 маусым күні Алматы уақыты бойынша 04:21-де болған. Зілзала ошағы Қазақстан аумағында, жердің 15 километр тереңдігінде тіркелген.

Жерасты дүмпуінен зардап шеккендер мен нысандардың қирағаны туралы мәлімет жоқ.​

XS
SM
MD
LG