Астанадағы бейбітшілік және келісім сарайында бүгін әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің бесінші құрылтайы басталды. Құрылтай діни жетекшілер мен саясаткерлердің бейбітшілік пен даму жөніндегі диалогы" тақырыбына арналған.
10-11 маусымда өтетін құрылтай жұмысына 42 елден 80-ге таяу делегат қатысып жатыр. Құрылтайға БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, ЕҚЫҰ мен ЮНЕСКО басшылары да қатысады деп күтіліп отыр. Рим католик шіркеуі атынан құрылтайға кардинал, Ватиканның дінаралық диалог кеңесі президенті Жан-Луи Торан қатысады.
Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің алғашқы құрылтайы Астанада 2003 жылы өткен. Құрылтай содан бері Астанада әр үш жыл сайын өткізіліп келеді.