Accessibility links

АҚШ тағы бір өзбек азаматына терроризм айыбын тақты


Сот залындағы Ахрор Сайдахметов (сол жақтан үшінші), оның соттағы аудармашысы (ортада) және Абдурасул Журабоев (оң жақтан үшінші) бейнеленген сурет. Нью-Йорк, 25 ақпан 2015 жыл.
Сот залындағы Ахрор Сайдахметов (сол жақтан үшінші), оның соттағы аудармашысы (ортада) және Абдурасул Журабоев (оң жақтан үшінші) бейнеленген сурет. Нью-Йорк, 25 ақпан 2015 жыл.

АҚШ-та Өзбекстан азаматы, 29 жастағы Акмал Закировке "америкалықтарды "Ислам мемлекеті" ұйымына тартпақ болды" деп айып тағылды. 11 маусымда Бруклиндегі Нью-Йорк федералдық сотында өткен тыңдауда Акмал Закиров "террористік ұйымға материалдық көмек көрсетуге" қатысты тағылған екі айыпты мойындаудан бас тартты.

Акмал Закиров енді маусымның 16-сында бұған дейін айыпталған Өзбекстан азаматтары Абдурасул Журабоев, Дильхайот Қасымов пен Аброр Хабибов және Қазақстан азаматы Ахрор Сайдахметовпен бірге сотқа қайта тартылады.

Прокурорлар Сайдахметов пен Журабоев "Ислам мемлекеті" ұйымы қатарында соғысу үшін Сирияға бармақ болғанын" айтады. Олар Закиров пен Хабибов "Сайдахметовті Сирияға жіберу үшін ақшаларын бермек болған және өзгелерді де қаржы жинауға үгіттеген" дейді.

Тергеу деректері бойынша, Сайдахметов Сирияға барардан сегіз күн бұрын бірнеше адам Закировтың банктегі шотына 2 мың 400 АҚШ долларын аударған.

Егер Закиров айыпты деп танылса, 30 жыл мерзімге дейін сотталуы мүмкін. Ахрор Сайдахметов, Дильхайот Қасымов, Аброр Хабибов және Абдурасул Журабоев бұған дейін адвокаттары арқылы сотқа өздерінің кінәсіз екенін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG