Accessibility links

Сирия армиясы әскери базасын қайтарып алды


Сирия үкіметі әскері "Ислам мемлекеті" ұйымы содырларына қарсы ұрыс кезінде. Сирия, мамыр 2015 жыл.
Сирия үкіметі әскері "Ислам мемлекеті" ұйымы содырларына қарсы ұрыс кезінде. Сирия, мамыр 2015 жыл.

Сирия армиясы мен оған жақтас қарулы топтар Сувейда провинциясының оңтүстігіндегі әл-Тала әуе базасынан көтерілісшілерді ығыстырып шығарды. Syrian Observatory for Human Rights ұйымының хабарлауынша, көтерілісшілер базаның өздері 10 маусымда басып алған бөлігінен шығып кеткен.

"Көтерілісшілер базадан шегініп жатыр" дейді Syrian Observatory for Human Rights ұйымының жетекшісі Рами Абдурахман.

Оның сөзінше, Сирия армиясының әуеден үдете соққы беруі мен Сувейда қаласы маңына қосымша әскери күштің түсірілуінен көтерілісшілерге біраз соққы берілген.

XS
SM
MD
LG