Accessibility links

Донецк облысында газ құбыры өртеніп жатыр


Донецкіге жақын маңдағы Авдеевка ауданында жүрген украин әскерилері. (Көрнекі сурет).
Донецкіге жақын маңдағы Авдеевка ауданында жүрген украин әскерилері. (Көрнекі сурет).

Украина ішкі істер министрлігінің Донецк облыстық басқармасы басшысы Вячеслав Аброськиннің Facebook-те хабарлауынша, облыстың Авдеевка ауданында атыс салдарынан газ құбыры зақымданып, үлкен өрт шыққан. Өрт жалыны мен түтіні бірнеше километр қашықтықтан көрінеді. УНИАН-ның хабарлауынша, өрт жақын маңдағы орман алқабына көшкен. Әзірге өртті өшіру мүмкін болмай тұр.

Луганск облысының Крымск елді мекенінде 12 маусымға қараған түні украин әскері мен ресейшіл сепаратистер арасында ұрыс жалғасты. Ұрыс барысында төрт украин сарбазы жараланды деп хабарлады Луганск облыстық әкімшілігінің басшысы Геннадий Москаль.

Сепаратистер украин әскері бекіністерін гранатометтен, миномет пен артиллериядан атқылаған. Бұған қоса түнде Новотошковка елді мекені де атқыланған. "Украинаская правда" басылымының хабарлауынша, шабуылда Минск келісімінде тыйым салынған калибрі 120 миллиметрден асатын қарудан оқ атылған.

Снарядтар мен миналар тура елді мекенге түскен. Бейбіт тұрғындар мен әскерилер арасында қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ.

Украина шығысындағы арнайы операциялар штабының өкілі мамырда сепаратистердің украин әскері бекіністерін атқылауы 25 пайызға көбейгенін айтады.

XS
SM
MD
LG