Ресейдің Дондағы Ростов қаласында сенбіге қараған түні Украинаның бас консулдығы ғимаратына шабуыл жасалды. Беймәлім адамдар ғимараттың қабырғасы мен терезелеріне жұмыртқа, бөтелке, қызанақ лақтырған. Полицияға сілтеме жасаушы жергілікті журналистердің айтуынша, "белгісіз адамдар қашып кеткен".
Украина консулы Александр Ковтун шабуыл жасаушылар таяқ қолданған болуы мүмкін дейді. Оның сөзінше, түнгі сағат 1-лер кезінде келген, бетперде киген он шақты адам консулдықтың 17 терезесін қиратып, есік алдындағы тақтайшасын жұлып алған.
Жұма күні Ресейдің Харьковтегі (Украина) бас консулдығына да осындай шабуыл жасалған еді. Ол ғимараттың қабырғасына біреулер жұмыртқа мен бояу лақтырған. Украина билігі ол шабуылға елудей адам қатысқанын айтқан. Ресей Украинадан ол оқиғаны тексерді талап еткен.